$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Мьянма үкіметін рохинджа-мұсылмандардың проблемаларын шешу жөнінде шаралар қабылдауға шақырды

AstanaTV
29.08.2018ж. 20:00
2816
Қазақстан Мьянма үкіметін рохинджа-мұсылмандардың проблемаларын шешу жөнінде шаралар қабылдауға шақырды

Қазақстан Мьянма үкіметін елдегі рохинджа-мұсылмандарының жағдайына байланысты проблемаларды түбегейлі жоюға шақырады. "Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуал бойынша өткен отырысында Қайрат Омаров мәлімдеді", - деп хабарлайды Сыртқы істер министрілігі.

Қазақстан Елшісі осыдан бір жыл бұрын Мьянмадан Бангладешке 700 мыңнан астам рохинджа-мұсылмандары қашқан кезде халықаралық қоғамдастық ең ірі гуманитарлық апаттардың біріне куә болғанын атап өтті. Сәуір айында Қазақстан  Бангладештегі Кокс-Базар қаласының маңында орналасқан рохинджа-босқындарға 500 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті.

Қайрат Омаров, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі:

Этникалық рохинджа халқы өкілдерінің жүріп-тұру бостандығына, сондай-ақ білім алу, денсаулық сақтау және өмірлік дағдыларына қол жеткізуге қатаң шектеулер әлі бар. Рохинджа-босқындар кепілдікті, қауіпсіздікті және осы мәселелер бойынша нақты прогресті көріп тұрған кезде ғана елге оралады.