Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ең ірі бастауыш партия ұйымы Атырауда

AstanaTV
07.09.2018ж. 20:00
3058
Ең ірі бастауыш партия ұйымы Атырауда

Аймақтарда бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандырып, партияның кадрлық резервін жастармен толықтыру қажет. Атырау облысына жұмыс сапарымен барған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия белсенділермен кездесу барысында осылай деді. Сонымен қатар  аймақтағы партия жобаларының іске асу барысымен танысты.

Атырау мұнай өңдеу зауытында "Нұр Отанның" 1200-ге тарта мүшесі бар. Бұл «Жас Отан» жастар қанаты мен қоғамдық қабылдау бөлімі бар еліміздегі жалғыз бастауыш партия ұйымы. Зауытта мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытатын орталық та бар. Мұнда жұмыс істейтін жастар партияның кадрлық резервіне кіріп, жұмыстан бөлек, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуды көздейді.

Ғалым Сағидолла, Атырау мұнай өңдеу зауытының операторы:

Біздің қондырғымыз жаңадан іске қосылған. Толықтай автоматтандырылған. Өзімнің жұмысым өзіме ұнайды. Басшылықтар тарапынан көптеген оқу-іс тәжірибелерге және көптеген шараларға қолдау тауып отырамыз.

Партия белсенділерімен кездесуде Әшімбаев президент саяси кеңесте қойған басты міндеттерді атап айтты. Содан бері партия 20-дан астам тың жобаны қолға алған. Әшімбаев IT сыныптарды қарапайым информатика пәнімен шатыстырмауды сұрады. Осы орайда ІТ сыныптар мен орталықтардың жұмысымен танысты. Елде мұндай 400-ге тарта сынып бар. Онда  оқушылар жаңа технология мен цифрландыру бойынша білімін жетілдіреді.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

"7-20-25" бағдарламасы бар. Елбасының жатақханалар салу тапсырмасы бар. Гранттармен қамтамасыз ету мәселесі бар. Осы бағыттардың бәрінде облыста үлкен жұмыстар жасалып жатқанын көріп отырмыз.

Ал биыл "Бастау Бизнес" бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 2 млрд республикалық бюджеттен қосымша 589 млн теңге бөлінген. 750 адам арнайы курста білімін жетілдірген. Бұл "Бес әлеуметтік бастама" бойынша шағын несие алуды жеңілдету үшін қолға алынған. Мәулен Әшімбаев «Кедергісіз келешек» жобасының іске асырылуын да өз көзімен көрді.