Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ШҚО-да алғашқы қар жауды

AstanaTV
03.09.2018ж. 20:00
4559
ШҚО-да алғашқы қар жауды

Қыркүйекте қар жауды. Мұндай сирек құбылыс Шығыс Қазақстанда тіркелді. Тіпті Абай ауданында түнімен ақұлпа бораған. Ауыл тұрғындары таңертең аппақ желек жамылған аула мен қар басқан жолдарды көріп таң қалысты. Телефонға түсірілген видеода қалыңдығы бірнеше сантиметр сықырлаған қар анық көрінеді. Ауа райы екі айды артқа тастаған секілді.

Синоптиктер дәл осы жағдай соңғы 10 жылда бірінші рет тіркеліп отыр дейді. Былтыр алғашқы қар 24 қыркүйекте түскен. Қазгидрометтің хабарлауынша, антициклон  алдағы үш тәулікте Қазақстанның басқа өңірлеріне де жетпек. Сондықтан ауа температурасы әдеттегіден -3-5 градусқа дейін төмендейді.  Түнде және таңертеңгілік солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 500 метрге дейін тұман басады.