$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жалақы төмендігінен мемлекеттік емханалардағы қызметтің сапасы көңіл көншітпейді - Е. Біртанов

AstanaTV
04.09.2018ж. 20:00
3859
Жалақы төмендігінен мемлекеттік емханалардағы қызметтің сапасы  көңіл көншітпейді - Е. Біртанов

Ал еліміздің бас дәрігері бар проблеманы мардымсыз жалақыға жапты. Айлығы аз мемлекеттік емханалардағы қызмет сапасы сондықтан нашар, дейді. Оның сөзінше, бүгінде ақ халаттылардың орташа айлық жалақысы 85 мың теңгені құрайды. Біртанов жедел жәрдем сапасының нашарлығы, емханалардағы шамадан тыс кезектер, біліктілігі жоғары кадрлардың тапшылығы еңбекақының жетіспеуінен туындап отыр дейді. Қазір елде медицина мамандары 50 пайызға дейін жетіспейді.  Осы орайда министр биыл  Қазақстанда жалпы практика және салалық дәрігерлерге келісімді еңбекақы төлеу енгізілетінін айтты.  Бұл алғашқы медициналық көмек қызметкерлерінің  жалақы деңгейін 20 пайызға  көтеруге мүмкіндік береді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Дәрігердің орташа жалақысы 135 мың теңге, салалық мамандыкі 85 мың теңгені құрайды. Бұл республикадағы ең төменгі жалақы деңгейі.