Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Біртанов түнгі рейдке шықты

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2679
Біртанов түнгі рейдке шықты

Басы даудан арылмай жатқан Елжан Біртанов түн ұйқысын бөліп, ауруханаларды аралап кетті. Бүгін министр Астанадағы балалар емханасына тосыннан барды. Бас дәрігер табылдырықтан аттай сала, бар аушын күзетшілерден алды.

Балалар ғой мына жерде. Уже жалобы были на вашу охрану. Бомж сияқты түрлері. Ұят қой мынау. Я понимаю, что здесь целое трудоустройство пенсионеров, но это детская больница.

Министр жалғыз емес. Қасына шетелден келген бір топ профессор мамандарды қоса ерткен. Мұнда тәулігіне дертіне шипа іздеп 400-дей науқас келеді. Біртанов күніне бәленбай адамға көмек беретін әріптестеріне, шалт басса, шу шығатынын ескертті.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Никто не знает о том, какую работу огромную вы делаете, ваши врачи. А когда что-то плохое случается,  все об этом знают. И создается ощущение, что только такие вещи происходят.