$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде жас ғылыми кадрлар тапшы

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2175
Елде жас ғылыми кадрлар тапшы

Елде жас ғылыми кадрлар тапшы. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы "Мирас"  республикалық кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды. Сондай-ақ, жиында зерттеу жұмыстарды орындау үшін жеткіліксіз қаржыландыру және оның кешеуілдеуі, заманауи материалдық-техникалық базамен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі мәселелері көтерілді. Қазір республикада ғылыми әзірленімдермен 386 ұйым айналысады. "Мирас" кеңесі өкілдерінің пікірінше, еліміздегі ғылым саласын дамыту үшін оны жеткілікті деңгейде қаржыландыру қажет.

Алдан Смайыл,  «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Менің өзімнің ойымша, мемлекеттік қызметкердің санын қысқартып, ғылыми шығармашылық қызметкердің санын көбейту қажет. Және оларға мемлекеттік қызметкердің дәрежесін беріп, жалақысын өсіру керек. Әлеуметтік қолдау көбейту керек.

Кеңес төрағасы Бекболат Тілеухан ғылыми қызметкерлердің көкірегіндегі жүрген пікірлерін дөңгелек үстелге талқылауға шақырды. Жиын соңында Білім және ғылым  министрлігі мен ұлттық ғылым академиясына бірқатар ұсыныстар берілді.

Бекболат Тілеухан,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Ғалымдар деген көп емес қой өзі. Айтулы ғалымдарымыз саусақпен санарлықтай. Солар сараптамағанда, кім сараптайды деп ойлайтын шығар. Бірақ ондай ғалымдар кез-келген топта тағы да араласып жүреді. Осының бәрінің аражігін анықтау үшін, профессионалдардың осы сала жұмыс істеп жүргендердің өздері келсін.  "Мирас" кеңесінің алаңы сол үшін.