Негізгі / Жаңалықтар / Бастауыш партия ұйымдары халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне көшу керек

Бастауыш партия ұйымдары халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне көшу керек

Бастауыш партия ұйымдары халықпен тығыз жұмыс істеу үшін жаңа тәсілдерге көшуі керек. Таптаурын жиындарды қысқартып, нақты жұмысқа ден қойған жөн. Бұл туралы Павлодарда өткен бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумында айтылды. Шараға жиналғандар партияны жаңғырту бойынша проблемаларды ортаға салды.

Бастауыш партия ұйымдары - халықпен арадағы алтын көпір. Жергілікті жұрттың көңіл-күйін бес саусақтай біледі. Сәйкесінше, жауапкершілік те жоғары. Оладың жұмысын жетілдіру - уақыт талабы. Уақыт талабына сай бөлімшелердің жұмысына сілкініс қажет. 

Амантай Бақыт, Өскемен қалалық «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы:

Бастауыш партия ұйымдарының мақсаты өте жоғары. Себебі бастауыш партия ұйымдары тікелей халықпен бірге жұмыс жасайды. Жаңағы партияның жобаларын халыққа жеткізуші болып тағайындалған және оны орындайды.

Партия хатшысы Тамара Дүйсенова аймақтарды тегін аралап жүрген жоқ. Бастауыш партия ұйымдарымен кездесіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ұйым жұмысын жаңғырту бойынша тапсырмасын тәптіштеп түсіндірумен жүр. Партияны күшейту керек. Ұйымға екінің бірін қабылдау да тиылады.

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Партия мүшелері тек қана жарна төлеуші емес. Партия мүшелері - белсенді партияның қызметкерлері болу үшін қандай жұмыстар атқару керек. Партия қандай жұмыстар атқару керек. Партия мүшесінің өзі қандай жұмыс атқару керек жөнінде пікірлер болды. Өте жақсы пікірлер деп ойлаймын. Біз оны жалпы тұжырымымдамаға қосамыз. 

Елде «Нұр Отан» партиясының 6 мыңға жуық бастауыш ұйымы бар. Оған 1 миллионнан астам қазақстандық мүше.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ