Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Президент Митталға сәлем жолдады

AstanaTV
07.09.2018ж. 20:00
2265
Президент Митталға сәлем жолдады

Теміртаудағы бірінші және екінші жылу электр орталықтары жаңғыртылуы тиіс. Облысқа жұмыс сапарымен барған Нұрсұлтан Назарбаев Лакшми Митталға осылай деп "ыстық" сәлемін жолдады. Мәселе Үкіметтің бақылауында болатынын ескертті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я поставил задачу - надо следующую котельную на ТЭЦ построить, чтобы город всегда был обеспечен теплом, электричеством и горячей водой. Вторую ТЭЦ тоже на реконструкцию. В программе будет заложено 350 млрд теңге, вкладывает комбинат для того, чтобы это сделать.

Президент 60-ыншы жылдары салынған қазандық қуаты қалаға жетпей жатқанын айтты. Өндірісті қаладағы екі жылу орталығы металлургия зауыты мен бүкіл қаланы қамтиды. Ал  «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қазандықтарды жаңарту жоспарын 2023 жылға дейін жүзеге асырмақ. Бұған 350 млрд теңге қаржы қарастырған. Назарбаев станцияларды жаңартумен қоса, экологиялық сұрақтарды да шешуді тапсырды. Қарағанды облысында жыл сайын ауаға 600 мың тонна зиянды заттар шығарылады. Бұл республика бойынша ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың төрттен бір бөлігі. Президент «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңартылған Теміртаудағы демалыс саябағына барды. Мұнда жаңа аллеялар мен веложолдар салынған. Сапар соңында Қарағандыдағы «Ақ сарай» неке қию ортылығына барып, жас жұбайларды құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Всегда говорили, что крепкая семья - это крепкое государство. С высоты своего возраста хочу вам сказать, берегите чувство счастья, которое возникло. Очень просто потерять, потерять потому, что по мелочам. Друг другом не довольны, поскольку вся жизнь состоит из мелочей, на них не надо обращать внимание. Қазіргі жанған махаббатты өшіріп алмаңдар. Бақытты болыңдар!