$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда жол құрылысымен айналысқан мердігерлер мемлекеттік бюджетке 100 миллион теңге шығын келтірген

AstanaTV
10.09.2018ж. 20:00
2428
Қызылжарда жол құрылысымен айналысқан мердігерлер мемлекеттік бюджетке 100 миллион теңге шығын келтірген

Ал Петропавлда дәл осы жол құрылысына қатысты былық-шылық ашылды. Мердігерлер мемлекеттік бюджетке 100 миллион теңге шығын келтірген. Бұл жайында аймақтық мемлекеттік кіріс департаменті  хабарлады. Тендерді ұтқан компаниялар жолды салу кезінде ортақ талаптарға мән бермей, асфальтті сапасыз төсеген. Ізінше тындырған жұмыс актісіне жалған ақпараттарды енгізіп, бюджет қаражатын көбірек өндіріп алмақ болған. Осылайша, шілденің 17 күні мердігер компания өкілі сапасыз жұмысты кедергісіз өткізу үшін құзырлы мекеме қызметкеріне 500 мың теңге пара беріп жатқан жерінен ұсталды. Уақытша ұстау абақтысына қамалған азаматтың есімі әзірге жарияланбай отыр. Жалпы, өңірдің жол құрылысы саласында барлығы 7 қылмыс анықталған.