$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жалған ақша жасайтын 3 жерасты цехы жабылды

AstanaTV
10.09.2018ж. 20:00
3106
Жалған ақша жасайтын 3 жерасты цехы жабылды

Қазақстанда 18 млн теңгеге жуық жалған купюра айналымнан алынды. Оның 8 миллионы теңгелей болса, 10 миллионы шет ел валютасы. Жасанды ақшаның 776 данасы Алматыда шығарылған. Қызылорда облысында 190,  Астанада 134, Қарағанды облысында 109 дана жалған ақша тәркіленді. Алаяқтар купюраның 10 және 2 мың теңгелік түрін қолдан жасаған. Ақша базарлар мен дүкендерде, қоғамдық орындарда айналымда жүрген. Сарапшылардың айтуынша, жерасты цехтары купюраның түр-түсі мен бедерін айнытпай істеген.

Айдос Төлеуов, ҚР ҚМ МКК экономикалық тергеу қызметінің сарапшысы:

Алаяқтқа тап болған адамдар полицияға немесе банкке барады. Мұндай жағдайда ол ақшаны таратушы ретінде өздері жауап беруі мүмкін. Сондықтан  Мемлекеттік кіріс органдарына хабар берген жөн. Жыл басынан бері жалған ақша жасап келген 3 жер асты цехы жабылды.