Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде ата-аналардың қарсылығына қарамастан оқушыларды жеке мектепке ауыстырып жатыр

AstanaTV
12.09.2018ж. 20:00
2431
Ақтөбеде ата-аналардың қарсылығына қарамастан оқушыларды жеке мектепке ауыстырып жатыр

Ақтөбеде ата-аналар шу шығарды. Білім басқарамасы оқушыларды жекеменшік мектептке ауыстыруға мәжбүрлеп жатыр дейді. Себебі 800 орынға тендер жеңіп алған жекеменшік білім ошақтары жартылай бос тұр. Бірақ білім бөліміндегілер оқушыларды "үгіттеуді" тым кеш бастаған. Әріптесім Бақыт Рахметова тараптарды тындап қайтты.

Оқу жылы басталғалы қаладағы 63 және 64-ші мектептердегі ата-аналардың берекесі қашты. Екі күннің бірінде жиналыс. Барлығына айтатыны, баласын "Сымбат" деген жеке меншік мектепке ауыстыруға үгіттейді. Педагогтар басында өз ерікімен ауысуға болатынын айтса, қазір тіпті мәжбүрлеуге көшкен.

Маржан Бақтыгереева:

Дұрыс емес, әсіресе 1 кластарды ауыстыру. Педофилдер өз алдына, онда стройка жүріп жатыр. Айналасынан балалар жүре алмайды. 1-класс бару керек дейді. Мен бермеймін. "Сымбатқа" апармаймын. Онда үйде отырсын, оқытпаса.

Гүлнәр Тілеуова:

Жоқ, біз бармаймыз! Өйткені үйдің мектептің қасында тұрамыз. Көп ата-ана мектеп үшін пәтер алған осы жерден. Жас семьялар, жұмыста бәрі.

Сөйтсек, қаладағы үш жекеменшік мектеп биыл мемлекеттік тапсырыс алған. Осылайша, табан асты 800 баланы осында жіберу шешілген.  Бала басына шаһар бюджеті айына 20 мың теңгеден аудармақ. Сол қаражатты  қайтсе де ақтау үшін, білім мекемелері оқушы жинауға білек сыбанып кірісіпті. Бірақ, кеш қозғалған. Үгіттеу жұмыстары 31 тамыз, 1 қыркүйекте басталған.

Берік Оразов, «Сымбат» мектебінің директоры:

Бірінші сыныпта қазақ класында екі бала отыр. Орыс сыныбында алты бала отыр. Бесінші орыс сыныбында тоғыз бала, үшінші қазақ сыныбында бір бала отыр. Сабақ өтіп жатыр.

Қалалық білім бөлімі мұны үш ауысым мәселесін шешумен түсіндіреді. Аталған екі мектепте бала саны көп. Жекеменшік мектептерде барлық жағдай жасалған, дейді.

Дина Халетова, Ақтөбе қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары:

Бұл мектептер келіспесе, қаланың басқа мектептерінен бала қабылдаймыз. Қазіргі таңда 800 балаға қаражат бөлініп отыр. Жиырма мыңнан. 150 бала "Ақбөбекке", 650 бала "Сымбат" жеке мектебі алды.

Қарсылық танытып жатқан қос мектепте үш ауысым жоқ. Бірақ бала саны артық екені рас. №63 мектеп биыл бірінші сыныпқа 75 бала қабылдауы тиіс еді. Бұл толық үш класс.  Бірақ қазір мектепте алты бірінші сынып бар. 172 оқушы білім алып жатыр.

Дәмелі Қартпағамбетова, №63 орта мептеп-лицейінің директоры:

«Сымбат» мектебі ашылады деді. Бірақ сіздер резервке ата-аналар келген соң оларды қанағаттандыру керекпіз. Сондықтан біз резервке қабылдадық. Конкурстың өте кеш болуына байланысты. Біз резервпен қабылдаған баланың өзі де біз сіздің мектепке келдік, енді ауыспаймыз деп отыр.

Бақыт Рахметова, тілші:

Қазір екі мектептің ата-аналары да қарсылықтарын қағазға түсіріп, білім бөліміне арызданбақ. Олар мәжбүрлеу амалдары мұнымен тоқтамаса, әрі қарай министрлікке шағымданамыз дейді.

Бақыт РАХМЕТОВА