Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Каспий теңізінің айдынынан заңсыз балық аулаған Әзірбайжан мен Дағыстанның 9 азаматы ұсталды

AstanaTV
12.09.2018ж. 20:00
3169
Каспий теңізінің айдынынан заңсыз балық аулаған Әзірбайжан мен Дағыстанның 9 азаматы ұсталды

Каспийде тоғыз браконьер тұтылды. Бұл жолы бекіре балықтарын аулап жатқан жерінен Әзірбайжан азаматтары ұсталды. Браконьерлерді құрықтау ресейлік шекарашылармен бірлесіп іске асырылған. Бұған дейін екі ел күзеті сәуір мен мамыр айларында да заң бұзушыларды ұстауға шыққан. Осы аралықта Каспий айдынынан Әзірбайжан, Дағыстан, Ресейдің 13 азаматы ұсталды. Заңсыз балық аулаушылардан тәркіленген құрал-саймандар аумағы 500 шақырымға дейін созылған.

Талғат Төребаев, ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті басқармасы басшысының орынбасары: 

Шекара аймағында тұрып жатқан азаматтарға, біріншіден, түсіндіріп айту: 15-ші қыркүйектен бастап теңізге шығуға тиым салынған. Қызыл балық, бекіре тұқым балығын ұстауға тиым салынған. Сол үшін біз сол шараларды өткізуге кірісіп кеттік.