Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Геннадий Головкин мәлімдеме жасады

AstanaTV
12.09.2018ж. 20:00
2532
Геннадий Головкин мәлімдеме жасады

Жерлесіміз Геннадий Головкин Сауль Альвареспен болатын жекпе-жек екі спортшы үшін де айырықша жұдырықтасу болатынын айтты. Отандасымыздың сөзінше, Альвареспен өткен алғашқы айқас оған көп нәрсені үйреткен. Геннадий алдағы рематчта мүлдем басқа тактиканы қолданатынын жеткізді. Нақты қандай техника қолданатынын ашып айтпады.

Қазақстандық боксшы 15 қыркүйек күні болатын айқаста қазылар әділ шешім шығарады деп сенеді. Өйткені бұдан бұрынғы бокста Геннадий өзінің жеңісті қолдан бермегеніне сенімді. Қазақстандық спортшы осы дуэльде өз рекордын жаңартады. "Бұл - мен үшін үлкен мүмкіндік, бұл тарихта қалатын бокс болады", - деді Геннадий. Қазір отандасымыз Лас-Вегаста.