$542.03 €627.29 ₽6.66
×

«Экспо-2017» көрмесінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр

AstanaTV
30.05.2016ж. 20:00
1406
«Экспо-2017» көрмесінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр

«Экспо-2017» көрмесінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр. Құрылыс уақытында аяқталады. Бүгін Президенттің қабылдауында болған "Астана Экспо-2017" ұлттық компаниясының" басқарма төрағасы Ахметжан Есімов осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде көрмеге қатысатынын 87 ел және 15 халықаралық ұйым растаған.

Кешендегі тақырыптық павильонның бірі "Озық тәжірибе алаңы" деп аталады. Онда энергетика саласындағы соңғы жетістіктер таныстырылады. Озық тәжірибелермен бөлісіп, жоспарлар құрылады. Президент көрменің мазмұнына баса мән беруді тапсырды. Өйткені қазақстандық павильон "Болашақ музейіне" айналуы мүмкін.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы:

Жұмыстардың бәрі график бойынша жүріп жатыр. Өз уақытында аяқталады. Негізі мақсат - контент жұмыстары. Ол өте үлкен мәселе. Мұқият қарап, дүние жүзіндегі ең озық тәжірибелерді пайдалануымыз қажет.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ