Экономикалық соғыста Қытай АҚШ-қа есесін жібермейді. Бұл туралы «Астана» телеарнасына Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо мәлімдеді. Вашингтон тарифтерді бірінші болып көтерді. "Бұған мойынсұну мүмкін емес", - дейді дипломат. Чжан Сяо өзара сауда-саттық тарифтері басқа елдермен қарым-қатынасқа әсер етпейді деді.
Чжан Сяо, ҚР-ғы ҚХР-ның Төтенше және Өкілетті елшісі:
Сауда соғысын Қытай бастаған жоқ. Сондықтан бірінші болып шегіну ақылға қонымыз секілді. Біз Ресеймен, Орталық Азия және басқа да елдермен ара-қатынасты дамытамыз. Қазіргі жағдай біздің сол қарқынымызға кері әсерін тигізбейді.
Бүгін The Wall Street Journal Ақ үй Қытайға қайта мәмлеге келу туралы ұсыныс білдіргені жайында жазды. Әңгіме $200 млрд тұратын Қытай тауарларына салынатын жаңа баж салығына қатысты. Қытай тарапы әзірге үн қатқан жоқ. Еске салайық, сауда-саттық тарифтерін өсіру наурыз айында басталған. Бейжің қарап қалмай, АҚШ тауарларына салықты $60 млрд-қа көтерген. Екі ел $34 млрд болатын түрлі тауарларға салық салып үлгерді. Жуырда Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді.