$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына А.Лукашенко келді

AstanaTV
30.05.2016ж. 20:00
1572
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына А.Лукашенко келді

Одақтас ел басшылары Қазақстанға ат басын бұра бастады. Бүгін Беларусь президенті алғашқылардың бірі болып Астанаға табан тіреді. Ұшақтан түскен Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің республикамыз - Беларусьтің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Соңғы жылдары көптеген бірлескен кәсіпорындар құрылды», - деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің республика - Беларусьтің жетекші экономикалық серіктесінің бірі. Жұмсалған күш-жігер арқасында соңғы жылдарда көптеген бірлескен кәсіпорындар құрылды. Елдеріміздің интеграция мәселелеріне қатысты көзқарасы ортақ, халықаралық саясатта да ұстанымдары ұқсас. Біз Сізбен тұрақты түрде кездесіп отырамыз, қазіргі кезде стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жұмысын жүргізудеміз. Көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде Евразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл, өңірдегі және тұтас әлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу үшін біздің кездесуіміздің маңызы зор.

Ертең болатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына одаққа мүше елдер басшыларының барлығы келеді деп жоспарланған. Ресей президенті Астанаға бүгін кешқұрым ұшып келеді. Ал Армения мен Қырғызстан басшысы таңертең келмек. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының қазіргі мәселелерін қарастырып, оның бірқатар мемлекеттермен сауда саласындағы өзара ықпалдастығының дамуына қатысты мәселелерді талқыламақ. 

Берік ХАСЕНОВ