Талғат
Ермегияев 14 жылға сотталуы мүмкін. Прокурор «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық
компаниясының экс-төрағасына осындай жаза кесуді сұрады.
Әлібек
Айтжанов, прокурор:
«Ермегияев
Талғат Амангелдіұлын... ҚР ҚК 58-бабының негізінде ауыр қылмысты одан да ауыр
қылмысқа ауыстырып, мүлкін тәркілей отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыруды,
сонымен қатар, белгілі бір қызметке тағайындалу мен белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан өмір бойына айыруды сұраймын. Жаза қатаң режимдегі түзету
колониясында өтелсін".
Айта
кетейік, журналистерге сот залына кіруге шектеу қойылған. Тек бөлек залда бейнежазбасы
көрсетіледі. Сондай-ақ прокурорлар қалған 11 айыпталушыға 3 жылдан 11 жылға
дейін үкім кесуді сұрады. Ал кінәсін мойындап, тергеу тобымен бірігіп жұмыс
істеуге келіскен тағы 12 фигуранттың ісі жеке қаралады. Бүгін адвокаттар
бірінен соң бірі сот ісіне шағымданды. Кейбір маңызды айғақтар ескерілген жоқ.
Іс тым асығыс тергелді деп мәлімдеді.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясынан
қаражат жымқыру туралы атышулы іс аяқталуға жақын. Бүгін жарыссөз өтті. Содан
соң айыпталушыларға соңғы сөз беріледі.
Естеріңізге салайық, Талғат Ермегияев,
тағы 23 адам ЭКСПО көрмесіне бөлінген қаражатты жымқырды деп айыпталған
болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің дерегінше, 10 миллиардтан
астам қаражат қолды болған. Оның 4 миллиард 200 миллионын Талғат Ермегияев
қалтасына басты деп айыпталды.
Мөлдір
БАҚЫТҚЫЗЫ