Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодар блокчейн-технологияларын таратушы өңірге айналмақ

AstanaTV
14.09.2018ж. 20:00
1808
Павлодар блокчейн-технологияларын таратушы өңірге айналмақ

Ал Павлодарға ат басын бұрған премьер-министр Екібастұздағы Майнинг орталықтың жұмысына жоғары баға берді. Онда өндірілген электроэнергия виртуалды ақша арқылы саудаланбақ. Және құны нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан болады. Оны кез келген майнер  сатып ала алады. Кәсіпорынның бірінші кезеңі тамыздың 8-інде іске қосылған. Қазір мұнда 4 МВт электр энергиясы тұтынылады. Орталық басшысының айтуынша, екінші кезең алдағы аптаға жоспарланған. Қуаттылық бірден 11 МВтқа артса, қарашада көрсеткіш  - 18 МВт жетпек. Бірегей кәсіпорынның құны - 5,7 млрд теңге. Қазір мұнда 16 адам еңбектенеді, жоба толық іске қосылса, жұмыс орындары да көбейеді.