Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тараз көшелері көлге айналды

AstanaTV
17.09.2018ж. 20:00
2958
Тараз көшелері көлге айналды

Таразда бүтін бір аудан суға толды. «Самал» шағын ауданына арықтардан тасыған судан шаһар тұрғындары әбігерге түсіп отыр. Алайда баспаналар аман. Әсіресе оқушылардың мектепке қатынауы мен көлік қозғалысы қиындап тұр. Су қайдан келді, неге әлі күнге дейін тазаланбады? Данияр Әлімқұл толықтырады. 

Бұл судың пайда болғанына екі күн болыпты. Көліктердің өтуі қиындап, тіпті балалардың мектепке баруы да мұңға айналған. Тұрғындар бұл жағдайға арықтардың қоқысқа толғаны себеп деп отыр. 

Мынау не пәле? Не сұмдық? Құдай сақтасын, мен мұнда қанша жылдан бері тұрамын мынандай өмірде болмаған. Адам да өте алмайды, мектепке балалар да кешігіп жатыр.

Мынау не деген сұмдық? Кезінде жаздай уақытысында арықты неге тазыламайды? Енді не, суға сүңгуірлерді шақыртып тазалай ма? Қаншама халық пен қаншама көлік кептеліп жатыр. Онсыз да жолымыз ойық-шұңқыр? 

Бұл су "Қарасу" су қоймасынан шыққан. Қаладағы арық арқылы сырттағы қамысты алқапқа тарайды екен. Алайда «Самал» мен «Аса» шағын аудандарының арасын жалғайтын арық қоқысқа толып, соның салдырынан көше көлге айналыпты. Суға толған көше бойынан коммуналды қызметтің бірде бір жұмысшысын көрмедік. Біз барған соң, 112 қызметінің мамандары келді. Олар қоқысқа толған арықтарды тазалау біздің міндетіміз емес деді.

Оны білмедім, оны әкімшіліктен сұрайсыңдар. Біз жауап бермейміз.

Қалалық әкімдік жағдайға тұрғындардың өздерін кінәлады. Арықтарға қоқысты тастайтын да өздері деді.

Гүлбахрам Дүйсекова, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі:

Тұрғындардың өздерінің де кінәлары бар. Тұрмыстық қалдықтарды каналдың ішіне тастай берген. 1 тоннадай тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Судың деңгейінің көтерілу себебі - Жамбыл ауданына баратын каналдың жоғары, бас шағында тұрған шлюзді түнгі уақытта белгісіз біреу ашып жіберген.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Түс ауа коммуналды мекеме жайылған судың жолын бөгеді. Енді олар арықтарды қоқыстан тазаламақ. Дегенмен жағдайға кімнің кінәлі екені басы ашық қалды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ