Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралдың қақ ортасында жеңіл көлік пойызға соғылып, екі жігіт опат болды

AstanaTV
18.09.2018ж. 20:00
2081
Оралдың қақ ортасында жеңіл көлік пойызға соғылып, екі жігіт опат болды

Оралда қайғылы жағдай. Қаланың қақ ортасында жеңіл көлік пойызға соғылып, екі жігіт опат болды. Оқиға бүгін түнгі үш жарымда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жедел жәрдем күймесі оқиға орнына алты минутта жеткенін айтты. Бірақ ми жарақатын алған науқастар тіл тартпай кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

Айнагүл Сакпусунова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Оқиға орнында 26 жастағы көлік жүргізушісі көз жұмды. Оның қасындағы жолаушысы - 25 жастағы жас жігіт - жедел жәрдем мәшинесінің ішінде қайтыс болды. Оның жарақаттары өте ауыр болды: ашық бас пен мидың жарақатын алған. Сол себептен апара жатқан қалалық көп бейінді ауруханаға жете алмай қайтыс болды.