$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада Кенесары ізбасарлары бір ту астында бірікті

AstanaTV
18.09.2018ж. 20:00
2801
Астанада Кенесары ізбасарлары бір ту астында бірікті

Астанада жас кенесарышылар бір ту астында бірікті. Олар алдағы уақытта елі мен жерін жаудан қорғаған хан бабаларының отансүйгіштігін өскелең ұрпаққа насихаттамақ. Соңғы хан жайында документальды фильмдер түсіріліп, комикс стиліндегі кітаптар да шығарылмақ.

Ерлан  Ахмеди, «Нұр Отан» партиясы АҚФ бөлім меңгерушісі, «Кенесары хан сарбаздары» клубының жетекшісі :

Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі - бұл отансүйгіштікті, патриотизмді насихаттау. Ал  отансүйгіштікті тарихсыз, ешқашанда туған тарихынсыз насихаттау мүмкін емес. Сондықтан да біздің ұлы тарихымыз бар. Сонау сақ заманынан басталатын ұлы тарихымыз бар. Мұны негіз ретінде ала отырып, біз жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге баулимыз.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Кенесары хан сарбаздары» атты мұндай клуб елордада алғаш рет ашылып отыр. Тіпті өздерінің жеке тулары да бар. Ондағы латын әрпімен жазылған атауды президент бекіткен. Сондай-ақ тудан Кенесары хан мен оның хас батырларының бейнесін де көруге болады. Жасы 18-ден асқан жас кенесарышылардың алғашқы жұмысы Қараөткел зиратынан басталды. Олар ханның 250-ге жуық сарбазы жерленген жердегі арам шөптерді жулып, жан-жақта шашылып жатқан қоқыстарды жинады. 

Айдар Зиекин, «Кенесары хан сарбаздары» клубының мүшесі:

Тарих саласынан бала кезден қызығамын. Және осы Кенесары бабамыздың рухын бағыштап және де осы тамдарды, бейіттерді тазалап, тазартып, осы жаңадан құрылған топтың құрамына кіргім келді. Және де менің курстастарым бәрі осы топқа жазыламыз деп отыр. Алдағы уақытта  баяғы зеңбіректер және де Кенесары ханның қылышын, соларды зерттеп, соларды көрсетеміз деп отыр.