Негізгі / Жаңалықтар / Қытай АҚШ-қа тауарларға салған жаңа баж салығы үшін жауап қайтармақ

Қытай АҚШ-қа тауарларға салған жаңа баж салығы үшін жауап қайтармақ

Қытай тауарларының импортына жаңа баж салығын енгізгені үшін Бейжін бұл жолы Вашингтонға жауап қайтармақ. Қытай сауда министрлігі заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Бүгін Дональд Трамп Қытай тауарларына қосымша баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Ол тарифтерді 10 пайызға, яғни 267 млрд долларға көбейткен. Рейтерстің хабарлауынша, АҚШ президентінің жаңа жарлығы 24 қыркүйекте күшіне енбек. Ал келер жылдан бастап 25%-ға дейін жоғарылайды. Қос ел арасындағы "сауда-саттық соғысы" биыл көктемде басталды. Соңғы рет 15 шілдеде АҚШ бастап, Қытай қарымта жауап беріп, бір біріне салық салған еді.