$538.57 €629.48 ₽6.71
×

Ұлттық қордан бөлінетін қаражат шашау шығарылмай игерілуі тиіс

AstanaTV
30.05.2016ж. 20:00
Ұлттық қордан бөлінетін қаражат шашау шығарылмай игерілуі тиіс

Ұлттық қордан бөлінетін қаражат шашау шығарылмай игерілуі тиіс. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ақтөбеде бой түзеп жатқан әлеуметтік нысандар «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған арнайы комиссиясының жіті бақылауында. Бүгін оның мүшелері 3 мектеп пен балабақша құрылысында болып қайтты. Бюджеттен бөлінген ақшаны тиімді пайланумен қатар, жұмыс сапасы да нысанада. Осыған орай аталмыш комиссия ай сайын нысандарды аралауды жұмыс кестесіне енгізген.

Жеңісгүл Мұхамбетпаизова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:

Негізі осы комиссияның басты мақсаты - ай сайын құрған өзіміздің жоспарымыз бар, өзімізде комиссия мүшелері бар, облыстық мәслихат депутаттары бар, сонымен қатар қоғамдық өкілдер бар. Олардың негізгі мақсаты - осы бөлініп жатқан қаражаттың дұрыс тиімді пайдаланылуы және осы жүргізіліп жатқан құрылыстың сапалы болуын қадағалау.

Комиссия жұмысы жоспарына Кірпішті ауылындағы 320 орындық білім ордасы, Қарғалы ауылындағы 320 бөбекке есептелген балабақша мен Заречный елді мекеніндегі 600 оқушыға шақталған мектеп енген. Сонымен қатар, «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы оқу ордасы ағымдағы жылдың тамыз айында есігін айқара ашуы тиіс. Шаһардың жаңадан бой түзеп жатқан аудан тұрғындарына арналған мектеп 1 200 оқушыға есептелген. Оның құрылысына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мемлекет қазынасынан 1 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Ғимараттың бүгінде 95 пайызы дайын. Тек ішкі жұмыстары мен физика, химия сияқты пәндер кабинеті жарақталуы тиіс. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданының бүлдіршіндері келер жылы жаңа мектепте оқиды деп жоспарланған.

Бердіғали Селбаев, серіктестік директорының орынбасары:

Тапсырылу мерзімі 2016 жылдың тамыз айында. Тапсырылады. Бәрі өз графигімен жүргізіліп жатыр. 80 пайыз өз өнімдеріміз, Қазақстанда шығарылған.