Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте әлеуметтік нан 60 теңге болды

AstanaTV
19.09.2018ж. 20:00
2918
Шымкентте әлеуметтік нан 60 теңге болды

Шымкентте ас атасы қымбаттады. Әлеуметтік нан бағасы 60 теңгеден сатылып жатыр. Көпшілік бұл өзгерісті аса салқын қабылдағанымен, қалтаға салмақ болатынын жасырмады. Бөлке нан бұған дейін дүкендер мен сауда сөрелерінде 50 теңгеден сатылып келген. Ол наубайханадан дүкенге жеткізгенге дейін 45-46 теңге болған. Ал, бүгіннен бастап шаһарда тандыр нанның нарқы да өскені байқалады.

Булочкалар, пряниктер, солар бүгіннен көтеріліп келді. Міне лаваш көтеріліп келді. Бір пачкасы 5 теңге 10 теңгеден көтеріліп келді, біз пачкалап сатамыз. Пряниктер де әрбір пакеті 20 теңгеден көтеріліп келді.

Нан қауымдастығы өкілдері бағаның көтерілетінін айтып, бір апта бұрын әкімдіккке хат жолдағандарын жеткізді. Олардың есебінше, әлеуметтік нанның өзіндік құны 54 теңге 60 тиын. Ал соңғы екі жылда наубайханаларға жеңілдетілген ұн берілмейді. Солтүстік облыстардан келетін ұнның бір қабы орта есеппен 700 теңгеге өскенін байқаған. Қауымдастық төрағасының сөзінше, әзірге әкімдік бағаны 60 теңге қалпында қалдыруға келіскен.

Әбдімәлік Көмекбаев, «Нан қауымдастығы» ҚБ төрағасы:

Ең бірінші ұнның қатты қымбаттап кетуіне байланысты, одан басқа да нан пісіруге қажетті ашытқы дейміз, тұз дейміз, өсімдік майы дейміз, электр энергиясы, газ және сулардың қымбаттауына байланысты және тасымалдауға кететін бензин де қымбаттап отыр осы екі жылдық мерзімді алған кезде. 

Төребекқызы А.