Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде орамал таққан 28 оқушы мектепке бармай отыр

AstanaTV
20.09.2018ж. 20:00
4643
Ақтөбеде орамал таққан 28 оқушы мектепке бармай отыр

Ақтөбеде орамал таққан 28 оқушы мектепке бармай отыр. Олар қаладағы 15 мектепте оқитын 1 және 9 сынып оқушылары. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің мамандары айтты. Жаңа оқу жылы басталғалы қаладағы оқу орындарына 43 қыз орамал, кимешек тағып келген. Мамандар ата-аналарымен сөйлескен соң 15 бала орамалын шешіпті. Білім алуға келмей отырған оқушылардың дені № 31, 62, 55 және 73-ші орта мектепте оқитындар. Баласын мүлде сабаққа жібермей отырған бес ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.  

Ғазиз Қаламов, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдіскері:

Қала мектебінен 31 мектепте ең көп ата-аналар шоғырланған.  Жеті отбасы бар. Он екі оқушы мектеп формасын сақтамай тұр. Қыркүйек айының басынан бастап мектепке мүлдем келмеген оқушылар бар. Соларды әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 409 бабы 2 тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады. Ол бес айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынады.

Бұдан кейін нәтиже болмаса, ата-анаға екінші қайтара жиырма айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Талап одан кейін де орындалмаса, іс сотқа жолданады. Бұған дейін мектепте әкімшілік тәртіпті бұзып, мектепке баласын кіргізбегені үшін айқай шығарған үш бірдей ата-ана үш және бес тәулікке қамауға алынған еді.

 Рахметова Б.