Өскемендіктер үшін саяхат машақатқа айналды. Түркия мен Мысырда демалуы тиіс 60 шақты тұрғын туристік фирмаға ақша бергендерін айтады. Алайда туроператор жолдамалардың орнына жалған парақшалар ұстатыпты. Алданғандарын түсінген жұрт қаржыны қайтарып беруді талап етеді. Бірақ тұрғындар «Ayar Travel» туристік фирмасының директоры еш қымсынбастан саяхатшыларға "ақша жоқ" деп қысқа қайырды деп отыр. Олардың есебінше, келген шығын 30 миллион теңгеден асады. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Туристік фирма директоры қолхатпен жіберіліпті. Ішкі істер департаментінің дерегінше, алданған туристерден түскен арыздар көбейіп жатыр.
Мен демалысымды қызым және немерем үшеуміз бірге өткізу үшін 900 мың теңгемді санап бердім. Бұл аз ақша емес. Маңдай термен тапқан дүниені әлдекімге бере салмаймыз. Тергеу қандай шара көріп жатыр екен, ақшамыз қайда кеткен, бізге қайтарып беретін ойлары бар ма екен өзі, соны білгім келеді.
Әсел
Нұрғазина, Өскемен қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
Отыз
жастағы қала тұрғыны, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарынан турагенттікке қызмет
көрсетемін деген сылтаумен олардың ақшаларын алып отырған. ҚР ҚК 190
бабы 2 бөлігі бойынша полиция қызметкерлері анықтау үстінде.