$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Медициналық стандарттарды сақтамаған дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды - Е.Біртанов

AstanaTV
21.09.2018ж. 20:00
2963
Медициналық стандарттарды сақтамаған дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды - Е.Біртанов

Медициналық стандарттарды сақтамаған дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Бүгін Мәжілісте өткен заң тақылауында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді. Оның айтуынша, ақ халаттылардың өзінің міндеттері мен стандарттарын орындамау ара-жігін жіті түсініп алу керек. Кейде дәрігерлер науқастардың жағдайына қарай талапқа сай емес әрекет ететін кездері де болады. Ол үшін жүздеген маман жазықсыз жазаланған. Сондықтан министр заңның бұл тармақшасын дұрыстап айқындап алу қажет деп отыр. Ал кәсіби ісіне салғырт қарағандар жауапкершілікке тартылуы тиіс дейді Біртанов. Былтыр қызметіне ат-үсті қараған 300-ге жуық дәргер тиісті жазасын алыпты.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Біз, яғни Министрлік, медициналық қызметкерлерді қандай да бір қылмыстық не әкімшілік жауапкершіліктен босатамыз деп тұрған жоқпыз. Бұл, әрине, болуы керек. Бірақ біз халықаралық стандарттарға сай болуымыз қажет. Экономикалық ынтымақтастықты және дамуды ұйымдастыру ұйымына кіру үшін осы қағидаларды ұстануымыз керек.