Медицина мамандығын бітіргендер секілді агро салада грант негізінде білім алған студенттер де 3 жыл бойы мемлекетке қызмет етуге міндеттеледі. Заң жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі Парламентке ұсынған. Бұл туралы «Университет пен жұмыс берушілердің серіктестігі» форумында айтылды. Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университет ректоры Ақылбек Күрішбаев кадр мәселесі өткір тұрғанын айтты. Өйткені оқу орнына грант үшін қызығатын талапкерлер көп болғанымен, салада қызмет етуге құлықсыз көрінеді.
Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры:
Тек қана диплом алуға келетін балалар да болады. Соған байланысты АШМ өте жақсы ұсыныс берді. Ауылшаруашылығы мамандығы бойынша білім алған балалар міндетті түрде ауылға барып, 3 жыл қызмет етуге міндеттеледі. Өйткені мемлекет ақша төлеп, грант берді. Сондай заңға өзгеріс керек. Сол кезде бұл мәселені шешетін мүмкіншілігіміз болады.
Бакдаулет Д.