$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қарашығанақ" акционерлері мен Қазақстан арасындағы дау қарашада реттелмек

AstanaTV
21.09.2018ж. 20:00
3893
"Қарашығанақ" акционерлері мен Қазақстан арасындағы дау қарашада реттелмек

"Қарашығанақ" акционерлері мен Қазақстан арасындағы дау қарашада реттелмек. Екі тарап келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Ақпарат "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының ресми сайтында жарияланды. Дау мұнай табысын есептеуден туған еді. Ал консорциум қатысушыларының бірі итальяндық Eni компаниясы Қазақстанға инвестиция құюды жандандырмақ. Бұл қордың басқарма басшысымен кездесуінде белгілі болған. Eni газ өңдеу зауытын салу, Каспий теңізіндегі Исатай және Абай кен орындарында жер қойнауын пайдалану ісіне қатысады. Компанияның барлау және өндіру ісінің директоры Антонио Белла "Қарашығанақ" жобасын дамыту үшін қолайлы жағдай туғанын айтқан. Ол мұнай бағасының өсіп, өндірісі төмендегенін меңзеп отыр. Сондай-ақ қайта қалпына келетін қуат көздерін дамытуды қолға алмақ. Ақтөбеде жел электр стансасын, Жамбылда күн қуатын алатын станса салуды жоспарлап отыр.

Мендеева Г.