$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Елбасы Жолдауынан туындаған ойлар

AstanaTV
30.11.2015ж. 20:00
1173
Елбасы Жолдауынан туындаған ойлар

Елбасы кезекті Жолдауында «Ұлттық валютаға Ұлттық қор арқылы үздіксіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта оралмайтынымызды» қадап айтты. Осыған орай Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев «қаржы институттары заман талабына сай болу үшін, жұмыстарын қайта құруы керек» деген пікірін білдірді. Ал білім және ғылым министрі жастардың техникалық мамандықты тегін игеруіне қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды жеткізді. 

Болат Жәмішев, Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы:

Қаржы секторында экономиканы қаржыландыру үшін барлық мүмкіндік бар. Президент ұлттық банктің міндеттерін айқындап берді. Зейнетақы қорына қатысты жоспарланған өзгерістердің негізі бар. Ортақ қор құрылып, оны Ұлттық банк басқарса, шиеленіс тудырары анық. Зейнетақы қоры нарықтық жағдайда жұмыс істей алмайды. Сондықтан оны Ұлттық банктен алып, жеке компанияларға беру - аталмыш институтқа нарықтық жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Бақыт Сұлтанов,  ҚР Қаржы министрі:

Бюджеттік бағдарламаларды оңтайландыру жұмысымен жаңа инструменттерді қолдану, мемлекеттік жеке әріптестік дейді, біз ол үшін бюджет заңында мемлекет тарыпынан берілетін кепілдіктердің көлемін ұлғайттық. Осы кәсіпкерлерге керек жұмыс жасалатын болады. Бір жағынан, бюджеттің тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, жаңа құралдарды қосқан кезде, жеңілдету деген жұмыстар жасайтын боламыз.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі: 

30 мың түлекті колледжге алуымыз керек. Соларға бірінші техникалық мамандығын беруіміз керек. Сол санап, келесі жылы жұмысқа кірісеміз. Жергілікті әкімдермен жұмыс істейміз. 2017 жылдан бастап сондай мүмкіндік жастарда болады.

Асхат Бекенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі: 

Жеңіл өнеркәсіптің дамып келе жатқанын президент баса айтты. Қазіргі уақытта отандық өнім қандай болу керек - ол әдемі болу керек, ол ыңғайлы, ол арзан болу керек, ол қолжетімді болу керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ