$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Терроризммен күрестің амалдары талқыланды

AstanaTV
31.05.2016ж. 20:00
2120
Терроризммен күрестің амалдары талқыланды

«Лаңкестік топтар тұрақты қаржыландыруға қол жеткізгісі келеді, квазимемлекеттік сала деген мәртебеге ұмтылып отыр». Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Дін лаңкестікке қарсы» тақырыбындағы халықаралық конференцияда осылай деп мәлімдеді. Сондықтан терроризммен күресуші елдерге ортақ позиция қалыптастыру керектігін айтты. Халақаралық шараға келген шетелдіктер Қазақстанның лаңкестікпен күресте нақты қадамдар іздеп отырған орталыққа айналғанын атап өтті. 40-тан астам елдің өкілдері қатысқан жиында экстремистік топтардың көзін құрту үшін кедейлікпен күресіп, халықтың сауатын арттыру қажеттігі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары дінаралық қақтығыстар туындатпас үшін этикалық нормаларды ұстануы тиіс. Терроризммен күресте кедейлікті, аштықты және түрлі індеттерді жою керек. Қоғамға сонымен қатар әскери қақтығыстарды реттеу керек. Өйткені олар лаңкестіктің таптырмас құралдары. Терроризммен күрес тек жеке топтар мен бөлек мемлекеттердің ісі ғана емес, ол барлық әлемдік қауымдастықтың міндеті екенін түсіну керек.

Ильяс Умаханов, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесі төрағасының орынбасары:

Саясаткерлерге қарағанда әзірге террористер ортақ тілді тезірек тауып отыр. Сондықтан іс жүзінде «террористік интернационал» құрып алды. Ал қазір біздің кейбір әріптестер Ресейге қарсы санкцияларды алға тартып, біздің бастамаларға қолдау білдірмей отырғаны аздай, лаңкестікпен күресте бұған дейінгі бірлескен қадамдарды жүзеге асырмай отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ