Оралда
еш жерде тіркелмеген иесіз лифтілердің жұмысы тоқтатылатын болды. Бүгінде
қалада 375 жеделсаты болса, олардың жартысына жуығының пайдалану мерзімі
әлдеқашан өтіп кеткен. Демек, олардың кез-келген уақытта істен шығуы мүмкін.
Әрі адам өміріне де аса қауіпті. Осыдан бірер жыл бұрын істен шыққан лифті
жүкті келіншектің ажалына себеп болған еді.
Лифті
жөндеуші Рафаэльдің айтуынша, өзіне қарасты 112 үйдегі жеделсатылардың
барлығының тозығы жеткен. Ол, тұрғындар
жеделсатының техникалық мүмкіндігін ескере бермейді, деп қынжылады.
Рафаэль
Махмудов, лифт жөндеуші:
Мәселен,
жуырда сегіз адам мінген лифтінің есігі ашылмай қалды. Қамалған азаматтар
құтқарушыларды шақырды. Ал олар қуатты құрал-саймандарымен лифтінің есігін
сындырып, іштегілерді шығарып алды. Бұдан біз зиян шегеміз. Бұл аздай лифтінің
шамын қиратып, тетіктерін желімдеп кететін тентектер де бар.
Пәтер
иелері кооперативі мүшелері де жедел сатылардың жылдам істен шығуына
тұрғындарды кінәлайды. Өйткені кейбір пысықайлар лифті үшін ақы төлемеудің
амалын тапқан.
Гүлшара
Опиева, Орал қаласындағы "Еламан" ПИК төрағасы:
Барады
да чиптің көшірмесін жасап алады, сосын осымен бәленбай адам жүреді. Ал бұл
бізге төленбеген ақша. Мысалы, мен сізге кілтті бердім, сіз барасыз да 10
кілтті 600 теңгеден жасатасыз, сосын 700 теңгеден сатасыз. Ондайларды мен
ұстадым.
Ал
энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы өкілдері шаһардағы
барлық лифтіні тіркеуге алуды ұсынады. Сонда ғана бұл саладағы келеңсіздіктер
жойылады деп отыр.
Бауыржан
Талдықбаев, БҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының
басшысы:
Лифтілердің
барлығын алдағы ақпан айына дейін есепке алу керек. Егер осы уақыт ішінде
тіркелмеген лифтілер болса, оларды бірден ажыратып тастаймыз. Біз үшін
азаматтардың өмірі қымбат. Сондықтан осындай қадамға барып отырмыз.
Жергілікті
билік болашақта тіркелген лифтілерді тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы
бойынша жөндеп, тіпті жаңасымен алмастыруға болатынын айтады. Әр лифті орташа
есеппен 5 миллион теңге тұрса да, мемлекет беретін арзан несие азаматтарға
қолайлы. Бұл үшін тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтері тіл табысып,
лифтіні тездетіп тіркетуі тиіс.
Еркін
Карин, тілші:
Бүгінде
Оралдағы 375 лифтінің тең жарымына жуығының пайдалану мерзімі әлдеқашан асып
кеткен. Тіпті олардың кейбірінің құжаты да сақталмаған. Кез-келген уақытта істен
шығуы мүмкін сенімсіз лифтінің кесірінен бірнеше жыл бұрын жүкті әйел мерт
болған еді.