Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Су перісі «ғайып болды»

AstanaTV
15.05.2015ж. 13:00
1506
Су перісі «ғайып болды»

Павлодар тұрғындары мен қала қонақтары Ертістің жағасына орнатылған су перісін қайтіп көрмейтін болды. Мүсінді вандалдардың бүлдіргені сонша, коммуналдық шаруашылық мамандары оны қалпына келтіруге жарамайтынын айтып отыр. Мүсін су жағасына орнатылғалы бері, қала тұрғындарын екі жікке бөлді. Бір топ оны қабылдаса, екіншілері мүлдем қарсы шықты. Жалаңаш перінің бейнесін Павлодарға 2013 жылы қала күніне сый ретінде демеушілер тарту етті. Содан бері оған наразы болғандар мүсінді бірнеше мәрте бұзды. Саусақтарын сындырып, құйрығын зақымдады. Тіпті тұрған тасынан жұлып алып, Ертістің суына да ағызып жіберді. Коммуналдық шаруашылық оны жөндеуден шаршады. Бірақ су перісіне жасалған соңғы шабуыл оны қалпына келмейтіндей қылып бүлдірді. Наурыз айында белгісіз біреулер ескерткішті қатып жатқан мұздың үстіне лақтырған. Қатты соққыдан оның басы ұшып, денесі қақ бөлінді. Енді қайтып орнатылмайтын су перісі қоқысқа лақтырылуы мүмкін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ