$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жүздеген адам ереуілді қолдау үшін Бангкокқа ағылуда

AstanaTV
21.01.2014ж. 13:00
1072
Жүздеген адам ереуілді қолдау үшін Бангкокқа ағылуда

Ал Бангкок көшелерінде тағы да тәртіпсіздік орнады. Таиланд оппозициясы өз наразылығын білдіру үшін ереуілшілер тобын жинап жатыр. Бас көтерушілер қатарына елдің медицина саласы қызметкерлері қосылды.

Қазір Бангкок көшелеріндегі манифестанттар тобын оппозиция жетекшісі Сутеп Таугсубан бастап келеді. Алайда осыдан екі ай бұрын оппозиция көшбасшысын тұтқынға алу туралы шешім шыққанымен, Сутеп Таугсубан әлі ұсталған жоқ. Бір апта бойы оппозиция Таиланд астанасының бас көшелерін бітеп тастады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, билік елде төтенше жағдай жариялаудың аз-ақ алдында тұр.

Еске салайық, 17-19 қаңтар күндері болған жарылыс салдарынан 1 адам қаза тапты, тағы 67 бейбіт тұрғын жарақат алды. Жалпы елдегі үш айға созылған жаппай тәртіпсіздік салдарынан 9 адам қаза тапса, 500-ге жуық тұрғын зардап шеккен.

Әлия ӘШІМ