Атырау қалалық
мәслихаттың депутаты Әмір Ысмағұлов «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелігінен
шығарылды. Оған депутаттың соңғы 1 жылға жуық уақыт бойы партия жұмыстарына
араласпауы себеп болған.
Атап айтар болсақ,
депутаттық фракциялар туралы ережеге сай, филиал ұйымдастырған іс-шаралар мен
жиындарға қатыспаған. Қоғамдық қабылдаулар жүргізбеген.
Айта кетейік,
маслихат депутаты Бостон марафонындағы жарылыстарды тергеуге кедергі келтірмек
болды деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжіаяқовтың әкесі. Әмір Тәжіаяқұлы қазір Бостонда ұлының сотын күтуде.
15-қаңтар күні өткен алдын ала сот тыңдауында сот процесі 23-маусымға белгіленген болатын. Әріптестері бұл қадамды "жығылғанға жұдырық жұмсау емес, партиялық
ережені сақтау ғана", - деп түсіндірді.
Қанат Әзмұханов, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Фракция
мүшелігінен шығару жөнінде ұсыныс жасалып, бірауыздан қолданды. Яғни, ол кісі партия қатарынан шығарылмайды, тек фракция
мүшелігінен шықты. Айта кетерлік жай, Әмір Тәжіаяқұлының депутаттық
өкілеттілігі тоқтатылған жоқ, себебі, ол мәселе партия
құзырына кірмейді.