Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайда бостандыққа шыққан шағын несие ұйымының жетекшісі салымшылардың қаржысын қайтармақ

AstanaTV
01.10.2015ж. 20:00
1283
Қостанайда бостандыққа шыққан шағын несие ұйымының жетекшісі салымшылардың қаржысын қайтармақ

215 миллион теңге иелеріне қайтарылмақ. Қостанайда талай салымшыны сан қақтырған шағын несие ұйымының жетекшісі елден алған ақшасын қайтаратынын мәлімдеді. Жыл басында түрмеден шыққан ол ұйымға ақша құйған 700-ге жуық адаммен есеп айырыспақ. Тіпті арызданбаған салымшылар ақшасын да қайтарамын деп отыр. Бұл несие аламын деп алғашқы жарна құйған адамдар. Оларға берешегі 215 миллион теңге екен. Қаржы ұйымының жетекшісі, қалың бұқараға қарызын қайтару үшін басқа қаржылық ұйымның қызметіне жүгіндім, дейді.

Ерден Омар, «ЮКО» шағын несие ұйымының экс-жетекшісі:

Қазіргі таңда менің қолымда сот шешімі бойынша 650-ден астам атқару парақшасы бар. Заңға сәйкес, сотқа жүгінген тұрғындар ақшасын қайтарып алуға құқылы. Бірақ мен басқа да салымшылардың қаражатын қайтарып бергім келеді. Тұрғындарға шамамен 100 миллион теңге берешекпін. Және дәл осындай сомманы біздің ұйымнан несие алып үлгерген азаматтардан өндіріп алуды жоспарлап отырмын. 

Естеріңізге салайық, шағын несие ұйымының жетекшісі заңсыз банк қызметімен айналысты, қылмыстық жолмен ақша заңдастырды деген екі баппен 5 жылға сотталған болатын. Төмен пайызбен тұрғындарға қомақты несие ұсынған қаржы ұйымы алғашқы жарна ретінде 25 мыңнан 100 мың теңге аралығында ақша алған. Кейін несие алмақ түгілі, қаражаттарын да қайтара алмай қалған болатын. 

Заңғар САНАЙ