$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Шымкентте жеңіл көлік дүкен ішіне кіріп кетті

AstanaTV
06.10.2015ж. 20:00
1178
Шымкентте жеңіл көлік дүкен ішіне кіріп кетті

Шымкентте дүкеннің қабырғасын қиратып, ішіне кіріп кеткен көліктің ішінде жүргізуші болмаған. Оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мына суретте жеңіл көліктің қабырғасы шыныдан тұрғызылған ғимаратқа соғылып, оның ішіне кіріп барып тоқтағанын көруге болады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жүргізуші аяқ киім сататын дүкеннің алдына көлігін қалдырып, басқа сауда орнына бас сұғады. Сол кезде қалтасындағы кілттің оталдырғышы автоматты түрде іске қосылған көрінеді. 44 жастағы азамат полицейлерге осылай деп түсінік берген. Абырой болғанда, бұл апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Әкімшілік іс қозғалды. Ол автокөліктің жүргізушісімен ережелерді сақтамау бойынша. Дүкеннің қожайындары ешқандай арыз жазып жатқан жоқ. Өйткені келтірілген залалды автокөлік жүргізушісі толығымен өтеген.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ