Доллардың
қымбаттауы ұшақ билетінің бағасына әсер етпейді. «Air Astana» ішкі рейстердің
билет құнын көтермейтін болды. Бұл туралы журналистер сұрағына жауап берген
«Air Astana» компаниясының корпоративтік коммуникациялар бойынша
вице-президенті Белла Тормышева мәлім етті. Ал халықаралық рейс билеттерінің
бағасы тамыз айында ғана 25 пайызға қымбаттаған болатын. Ал ішкі рейстердің
ақысын көтеру жоспарда жоқ, - деді компания
өкілі.
Белла
Тормышева, «AIR ASTANA» компаниясының
корпоративтік коммуникациялар бойынша вице-президенті:
Біздің
барлық бағаларымыз валютаға байланған. Сондықтан халықаралық рейстерге бағаны
көтердік. Ал ішкі рейстердің билет құны өзгеріссіз қалады.
Берік ХАСЕНОВ