$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Сауда үйінің шатырынан секірген әйелдер егіз болып шықты

AstanaTV
10.11.2015ж. 20:00
1496
Сауда үйінің шатырынан секірген әйелдер егіз болып шықты

Алматыдағы сауда үйінің шатырынан бір мезетте секіріп, қайтыс болған 49 жастағы келіншектер егіз болып шықты. Бұл мәліметті қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек телефон арқылы айтты. Оның дерегінше, егіз әйелдер тоғызыншы қарашаға қараған түні Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысында орналасқан сауда орталығының 5-ші қабатынан секіріп кеткен. Олар биіктікке өрт кезіндегі қосалқы басқалдақпен шыққан деген болжам бар. Екі әйел де ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір құзырлы орган мамандары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Білуімше, ол азаматшалар жұмыссыз. Олар егіз. Ол азаматшалардың материалдық жеткіліксіздігі туралы мәліметті біз растай да алмаймыз, не жоққа да шығара  алмаймыз. Ол міндетті түрде тергеу аясында белгілі болады. Сонымен  қатар тергеу барысында ол азаматшалардың өмір сүру қалпын тексеретін болады. Атқарылған шаралардың нәтижесінде процессуалды шешім қабылданады. Әзірге бұл факт суицид деп саралануда.

Айгүл ЕРМАХАН