$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Ақтауда әкім ауысты

AstanaTV
10.07.2015ж. 20:00
1292
Ақтауда әкім ауысты

Ақтау қаласының әкімі де өзгерді. Бұрынғы әкім Еділ Жаңбыршин өз еркімен қызметтен кетті. Оның орнына Жаңаөзен қаласын басқарған 51 жастағы Серікбай Тұрымов келді.

Ол бұған дейін екі рет Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ал Жаңаөзен әкімі болып 2012 жылы ақпанда тағайындалған. Жаңаөзен қаласының жаңа әкімі лауазымына бұған дейін Мұнайлы ауданын басқарған Елубай Әбілов тағайындалды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ