$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Грекия еуроаймаққа реформалар жоспарын ұсынды

AstanaTV
10.07.2015ж. 20:00
1185
Грекия еуроаймаққа реформалар жоспарын ұсынды

Грекия үкіметі Еуротоп басшылығына 12 беттен тұратын реформалар жоспарын жолдады. Аталмыш жоспарды қарыз берушілер 48 сағат ішінде мақұлдауы тиіс. Сонда ғана көмек мөлшері 50 млдр еуроны құрайтын құжат Афинаға деген жаңа көмек бағдарламасында негізге алынады. Осылайша, Грекия билігі қарыз берушілердің бұған дейін ұсынған талаптарын қабылдап отыр, бірақ бұл жағдай ақша бөлуге жеткілікті ме, жоқ па - әлі түсініксіз, - деп жазады The Wall Street Journal.

Грекия қосымша құн салығы мен мейрамханалардың салығын арттырмақ, аралдарға деген жеңілдіктерді де алып тастап, зейнеткерлік жүйеге кетіп жатқан шығындарды да қысқартуға дайын. Аталмыш ұсыныстарды еуропалық әріптестері Афинаға маусымның 26-да ұсынған еді. Бірақ Грекия халқы еуроаймақтың талаптарын қабылдамай, референдум өткізіп, қарсылық білдірген болатын. Бірақ ел билігі алпауыт көршілерінің қатаң шарттарын қабылдауға мәжбүр болды. Сонымен қатар Грекия қарыз берушілерден берешектерін қайта қарап, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін 35  млрд еуро сұрап отыр, - деп хабарлайды Bloomberg.

Айгүл ӘДЕПБАЙ