«Дискавери
Бурабай» жазғы демалыс лагерінің әкімшілігі Ақтау қаласының «жетім
балаларға арналған балалар ауылы» тәрбиеленушілерін бұдан былай қабылдамауға бекінді. Бұл жайында
біздің арнамызға сауықтыру орталығы директорының орынбасары Александр Алека мәлімдеді.
Еске салсақ, өткен аптада лагерь тәлімгерлері мен балалар үйінің
тәрбиеленушілері арасында төбелеске ұласқан жанжал туындады. Лагерь әкімшілігі көп ойланбастан, Ақтау қаласынан келген 60 жетімді кері қайтарады.
Александр
Алека, сауықтыру орталығы директорының орынбасары:
Біз
Ақтау қаласының жетімдерге арналған балалар ауылымен келісімшартты бұзуға
мәжбүр болдық. Тәрбие көрмеген балаларды бір жазда қайта тәрбиелей алмаймыз.
Қазір балалар ауылынан қандай да бір
жауап күтіп отырмыз. Бұл мекемемен бұдан былай жұмыс жасамаймыз.
Енді
«Дискавери»
сауықтыру орталығы Ақтау балалар үйінен өтемақы өндіріп алмақ. Мөлшерін
ғимаратқа келген шығынды есептеуге кірісіп кеткен арнайы эксперттік комиссия
белгілейді.
Александр
Алека, сауықтыру орталығы директорының орынбасары:
Біздің
ғимаратымыз үш қабатты. Барлық балаларды бір қабатқа жайғастырдық. Сәйкесінше
барлық бөлмелерге зақым келді. Бірінде қабырғалары қирап, бірінде терезелер
сынған. Олар бізде 7-8 күн болды. Осы уақыт аралығында балалардың бүлдіргендері үшін өтемақы талап етеміз. Әзірге ресми хат
жазбасақ та, жоспарымызда бар.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА