Таразда аяуcыз таяқ жеген жеті жастағы
бүлдіршін балаларды бейімдеу орталығына тапсырылды. Бұл туралы бүгін Жамбыл
облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дәмеш Өскенбаева арнамызға
берген сұқбатында айтты. Тергеу амалдары аяқталғанша, бала осы
орталықта қалады. Білім басқармасында баланың соққыға жығылуына күдікті ретінде
қарастырылып отырған ананы құқығынан айыру жөнінде арнайы комиссия құрылғанын
хабарлады.
Дәмеш Өскенбаева, Жамбыл облысы
білім басқармасы басшысының орынбасары:
Бүгінгі күні баланың жағдай
жақсы. Енді бейімдеу орталығы заң бойынша 3 айға дейін осы жерде баланы ұстауға
құқығы бар. Баланың психологиясы жақсы, развитый өте. Өзінің ойы бар, өзінің
пікірі бар, оны айтуға қорықпайды, ұялмайды да.
Ал, орталыққа жеткізілген
Серіктің денесіндегі жарақаттары жазыла бастаған. Айта кетейік, ол қаладағы №35
мектептің бірінші сыныбын аяқтаған. «Өте алғыр әрі өжеттігімен ерекше» деген
мамандар баланың қызуқанды екеніндігін байқапты. Десе де, Серіктің көңілі -
анасында.
Серік Басманов:
-Тебе здесь хорошо? - Нет! - Почему?
- Я хочу к маме. И все. Мам я тебя люблю. Я тебя сильно-сильно люблю мам.
Еске салайық, кешегі
жаңалықтарымызда өз баласын өлімші етіп сабап тастаған ананың аяусыз әрекеті
жайлы айтқан болатынбыз. Денесі қызыл-жоса қан болған 7 жастағы жеткіншек жайлы
түсірілген бейнеролик интернетке шығып, желідегі жұрттың жағасын ұстатты. Қазір баласын ұрды деген күдікпен 42 жастағы
анасы тергеу абақтысында. Құзырлы орындарға түсінік берген қатігез шеше ұлын
тәртіпке шақыру үшін таяқтың астына алғанын айтқан.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ