$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан 36 мемлекет үшін визасыз тәртіп орнатады

AstanaTV
09.07.2015ж. 20:00
953
Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан 36 мемлекет үшін визасыз тәртіп орнатады

Қазақстан 2017 жылдың бірінші қаңтарынан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізеді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Рапиль Жошыбаев мәлімдеді.

Осылайша, болашақта Еуропалық одақ елдері, АҚШ, Канада, Мексика және Австралия, сондай-ақ бірқатар Азия мемлекеттері қазақстандық виза үшін консулдық төлем төлемейді. Жошыбаевтың сөзінше, тиісті шешім эксперименталды мерзім қорытындысы бойынша қабылданбақ. Оның сөзінше, консулдық төлем түріндегі шығын орны турист санының көбеюімен жабылуы тиіс.

Рапиль Жошыбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЕХРО - 2017» көрмесінің халықаралық комиссары:

Мемлекет басшысының «Астана» қаржы орталығы туралы және Ұлттық банктің көшірілуіне қатысты 2015 жылдың 19 мамырындағы қаулысына сәйкес, СІМ мен Ұлттық банкке Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттермен арада визасыз тәртіп орнату тапсырмасы жүктелді. Бұл 34 мемлекет, бұл тізімге Малайзия және Сингапур қосылды. Барлық техникалық-заңнамалық жұмыстарды орындап, тапсырманы 2017 жылдың 1 қаңтарында іске асырамыз деп ойлаймын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ