«Саддам
Хусейн мен Муаммар Каддафи билікте болса, Таяу Шығыста
жағдай тұрақты болар еді». Әлемге әйгілі
миллиардер Дональд Трамп NBC арнасына берген сұхбатында осындай мәлімдеме
жасады. Айтуынша, егер Башар Асад
биліктен кетсе, Сирия
Ирак пен Ливияның кебін кимек. «Асадқа қарсы
шыққан АҚШ, шындығында, кімді қолдап
отырғанын білмейді», - деп мәлімдеген
Трамп сұхбат барысында Ресейдің Сириядағы әуе шабуылдарын қолдайтынын ашық
айтты.
Еске салайық, АҚШ президенттігінен
үміткер Дональд Трамп телеарна арқылы бұған дейін де оғаш мәлімдемелер жасаған.
Соңғы сұхбаттарының бірінде, «Президент болып сайлансам, барлық сириялық босқындарды елден қуып
шығамын», деген еді.
Дональд
Трамп, АҚШ президенттігінен үміткер:
Егер
дәлел керек болса, Ливияға қараңыздар, біздің ол елге не
істегенімізді көріңіздер. Иракқа
қараңыздар, қандай бейберекеттік орнатқанымызды көріңіздер. Сирияда да осындай
жағдай орын алады.
Берік ХАСЕНОВ