«Нұр
Отан» жергілікті филиалдардағы қызметкерлер санын оңтайландыру нәтижесінде
43%-ға арттырды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші
орынбасары Асқар Мырзахметов бүгін партия филиалдарымен бейнебайланыс
форматында өткен кеңесте мәлімдеді. Партияның Орталық аппаратындағы құрылымдар
саны мен әкімшілік шығындар оңтайландырылып, филиалдарға қосымша 358 штаттық
бірлік беріліп отыр. Осылайша, партия Елбасының
«Нақты 100 қадам» ұлт жоспарының іске асырылу барысында өңірлердің салмағын
арттырмақ.
Жанат
Қожахметов, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының жетекшісі:
Жалпы
алғанда, алдағы бір ай ішінде партияның 27 регламенттеу құжаты қабылданады деп
жоспарланған. Соның ішінде мәслихаттардың депутаттығына партиядан кандидаттарды
іріктеу критерийлерін қабылдау, қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жасау,
кадрлық резерв және құжат айналымын қысқарту жөніндегі құжаттар әзірленбек.
Сондай-ақ
партия «Аудан-облыс-орталық» қағидасы бойынша ай сайынғы мониторинг және
ақпаратты жинаудың жаңа тәртібін енгізді.
Бұл
жұмысқа бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері, 242 филиал және мәслихат
депутаттары тартылған. Бастауыш партия ұйымдарымен жұмысты күшейту бағытында
олардың материалдық-техникалық және әдіснамалық базасын нығайту жұмыстары
атқарылды. Сонымен бірге жыл соңында бастауыш партия ұйымдарының 1-ші
республикалық форумын өткізу жоспарланған. Партияның селекторлық кеңесін
қорытындылаған төрағаның бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов жұмысты жетілдіру
мақсатында мұндай шаралар жүйелі түрде
жалғасатынын мәлімдеді. «Бүгінде
өңірлердегі жағдайдың жақсаруына байланысты,
оларға деген бақылау күшейтіледі», - деді
Мырзахметов.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ