«Халықтың төл теңгемізге деген сенімін қайтару
қажет». Осылай деген Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының өкілдері тығырықтан
шығудың жолдарын ұсынды.
Қазір кәсіпкерлердің де,
қарапайым азаматтардың да теңгеге сенбейтіні белгілі. Палата
төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева банктердегі депозиттердің 85 пайызы АҚШ
валютасымен сақталғанын айтады. Толассыз жүріп жатқан интервенцияны тоқтатудың
бірден бір жолы -
спекулянттық көңіл-күйді жою.
Ол үшін биржада теңге бағамы 3 пайызға ауытқыған
жағдайда,
сауда-саттықты бірден тиып тастау керек. «Немесе нарыққа
Ұлттық банктен өзге тағы бір ойыншы енуі қажет»,-
дейді палата өкілі. Ол табысты доллармен табатын ірі экспорттаушы болса,
құба құп. «Түскен
долларды сатылымға шығару арқылы жағдайды реттей алады», -
дейді ұлттық палата өкілі. Бұл ұсыныстар Ұлттық банк пен Үкіметке жолданған.
Юлия
Якупбаева,«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
Тұрақтылық
керек. Валюта бағамына қатысты жағдайды анық болжағымыз келеді. Мұны тез арада
қолға алған жөн. Келісімшарттар жасасу үшін, теңге
бағамының тұрақтылығы ауадай қажет. Құбылып тұрғанда, айырмашылық 30 теңгеге
жетті. Бұл
қисынға келмейді. Айырмашылықты қордағы ақшамен тұншықтыру проблеманы шешпейді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ