Доллар
тағы өсіп кетті. KASE-дегі күндізгі сауда-саттықтан кейін АҚШ валютасы рекордты
бағам орнатты. Түскі сағат бірлер шамасында аяқталған сатудан соң бір доллар
286 теңгеге жетті. Айырбастау пункттері көк қағазды 287-289 теңгеге саудалап
жатыр. Kүндіз KASE-де 90,8 млн доллар сатылды, барлығы 26 ойыншы қатысқан. Ал
кешкі биржада бір доллар 287 теңге 92 тиын болды. Ұлттық банк басшысы ауысқан
соңғы екі күнде теңге оңбай құнсызданды.
Еске салсақ, қыркүйектің екінші
жартысынан бастап Орталық банк интервенция жасауға көшкен. Бұл мақсатта қазан
айында қордың 3 млрд доллардан астам ақшасы конвертацияланды. Ал 1 қарашадан
бері Ұлттық банк үнсіз. Қаржы-валюта нарығына араласу, реттеу шаралары жөнінде
еш ақпарат жоқ.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ