$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Мысыр билігі А321 лайнерінің апаты «террористік акт болуы ықтимал» деген болжамды жоққа шығарды

AstanaTV
04.11.2015ж. 20:00
1383
Мысыр билігі  А321 лайнерінің апаты «террористік акт болуы ықтимал» деген болжамды жоққа шығарды

Мысыр билігі апатқа ұшыраған А321 лайнерін лаңкестер ракетамен атып түсірді немесе бұл жанкештінің әрекеті болуы ықтимал деген болжамдарды жоққа шығарды. Ел президенті Абдель Фаттах ас-Сиси бұл туралы «The Telegraph» басылымына берген сұхбатында айтқан. Ақпарат нақты еместігіне тоқталған ол, мұндай болжамға негіз жоқ, дейді.

Бұдан бұрын «Al-Hayat» арнасы Мысыр үкіметінің ресми өкіліне сілтеме жасап, ұшақтың техникалық ақауға байланысты апатқа ұшырағанын хабарлаған. Ал Ресей тарапының тексеруі жалғасуда.

Еске салайық, «Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі ұшақ 31 қазан күні апатқа ұшырады. Бортта болған 224 адам түгел қаза тапты.

Жұрағат БАМАН