$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Оралда тастанды нәресте табылды

AstanaTV
05.11.2015ж. 20:00
1882
Оралда тастанды нәресте табылды

Оралда тастанды нәресте табылды. Полицияның дерегінше, 21 жастағы бойжеткен туғанына бес күн болған ұлын пакетке орап, иесіз гараждардың арасына апарып тастаған.

Шырқырап жылаған шарананы сол жерден өтіп бара жатқан адамдар тауып алыпты. Тастанды сәбидің білегінен перзентханадағы белгісі де алынбаған. Полиция осы белгі арқылы көкек-ананы көп ұзамай тауып алды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қарашаның қара суығында сызды жерде жатып қалған сәби балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір оның жағдайы ауыр. Дәрігерлер шақалақтың өкпесіне суық тиген  деп отыр.

Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД баспасөз хатшысы:

Ұсталған азаматша істеген ісін мойнына алып, түсініктеме берді. Қазіргі уақытта оған ешқайда шықпау туралы қолхат берілді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

Еркін КАРИН